ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, АТА-АНАЛАР!
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, АТА-АНАЛАР! Сіздерді көктемнің алғашқы шуағымен бірге келген 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыз баласын үлкенді құрметтеуге, алғысын алуға, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеген. «Алтын алма, алғыс ал, алғыспен ер көгерер» деген тәрбиелік мәні бар мәтелдер осыдан туса керек. Әрқашан бір-бірімізге жүрегіміздің жылуын сыйлап, қиналғанда жанынан табылып, қуанышын бірге бөлісе білейік! Бір-бірімізге деген шынайы алғысымызды айта жүрейік.