Мерекелік іс-шаралар » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
январь
2019

Мерекелік іс-шаралар

Бала тәрбиесі – барша халықтық іс. Қай заманда болсын адамзаттың басты міндеттерінің бірі – ақылды да саналы , тәртіпті де еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеу екені көпке мәлім. «Тәрбие бала дүниеге келген сағаттан басталады» деген сөздің жаны бар. Ертеңгі біздің болашағымыз балалар. Әрқашан ата – бабамыз жесірін қаңғытпай , жетімін жылатпай тәрбиеледі емеспе?. Бүгінгі күнде де бұл мәселе өз шешімін толық таба бастады. Уақыт талабына сай тәлім – тәрбие жұмыстарын ұлттық дәстүрлерге сай ұйымдастыруда жыл сайынғы өткізіліп отыратын ата – баба дәстүрі –ұрпаққа аманат бағдарламасы жас ұрпаққа берері мол.
Сол бағдарламаны жүзеге асыру барысында бүгін яғни 25-қаңтарда мектебімізде «Досы жақсының, өзі жақсы» атты тақытыпта мерекелік концерт өткізілді. Іс-шара барысында мектебіміздің күйшілері мен жезтаңдай әншілері достық жайлы әндер орындап, оқушыларымыз « Қызбен жігіт арасындағы достық», « Ұлттар арасындағы достық», «Кіші мен үлкен арасындағы достық» атты сахналық қойылымдар қойды.Осындай тәрбиесі зор мереклелік іс-шарадан соң бізідің өскелең ұрпақ өміршендік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік пен татулық туын биікке көтерген патриот азамат болып өсуге ұмтыла бермек.
Ата-баба дәстүрін ұрпаққа ұлағат еткен қариялардың тәлімді тәрбие бағдарламасы биыл да мектептерде өз деңгейінде жүзеге асып, жас ұрпақтың жарқын болашағы жолындағы қызметін жалғастыра беретін болады.