Материалы за Декабрь 2023 года » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қысқы демалыс кезеңінде қауіпсіздік
27
декабрь
2023
Қысқы демалыс кезеңінде қауіпсіздік
27-28 желтоқсан күндері «Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп» 2023 жылдың 29 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтар күндер аралығында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде өткізілетін іс – шаралар жоспарына сәйкес мектеп оқушыларымен «Қысқы демалыс кезеңінде қауіпсіз» жағдай жасау мақсатында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау жөнінде С.Караулов, ДТІЖО Б.Қабаев, төтенше жағдай қызметкері Ж.Абуев тарапынан ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
⚜️⚜️⚜️ТЕАТР ЖӘНЕ БАЛА⚜️⚜️⚜️
27
декабрь
2023
⚜️⚜️⚜️ТЕАТР ЖӘНЕ БАЛА⚜️⚜️⚜️
⚜️⚜️⚜️ТЕАТР ЖӘНЕ БАЛА⚜️⚜️⚜️ 🎭"Театр - нағыз өнердің ордасы. Сергу үшін барасың да, рухани байып қайтасың. Адамға эмоциялық көңіл-күй тарту ететін актерлер де бар шеберліктерін салып, өз энергияларын сахна төрінде жұмсайды.  🎭Адамның рухани дүниесін, қиялын шарықтатып, ең жақсы адами қасиеттерді қалыптастыруда театрдың алатын орны ерекше. 🔹️"Театр және бала" жобасы аясында 2023 жылдың 27 желтоқсан күні  Б. Римова  драма театрында “Ертегілер әлеміне саяхат” жаңа жылдық  қойылымына мектебіміздің
🎄🎄🎄КЕЛ, ЖАҢА ЖЫЛ!!!🎄🎄🎄
25
декабрь
2023
🎄🎄🎄КЕЛ, ЖАҢА ЖЫЛ!!!🎄🎄🎄
🎄🎄🎄КЕЛ, ЖАҢА ЖЫЛ!!!🎄🎄🎄 🎄Жаңа жыл - әрбір үйде, әр отбасында күтілетін ең сүйікті ертегі мерекесі. Мерекеге орай, 26 - 28 желтоқсан күндері аралығында мектебіміздің оқушыларына арналған Жаңа жылдық шырша өткізілді. 🎄Қызықты кеште мектеп парламентінің өнерпаздары мен балалар Жаңа жылдық шыршаның басты қонақтары Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетіп, керемет сыйлықтарға ие болды. 🌟Балалар мерекелік кештен жаңа 2024 жылға ерекше көңіл күймен қадам басты.
Қазақ КСРО халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына-120жыл толуына орай бастауыш сынып арасында сурет салу  байқауы
25
декабрь
2023
Қазақ КСРО халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына-120жыл толуына
"Оқуға құштап мектеп" жобасы аясында "Ұлт мақтанышы" Қазақ КСРО халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына-120жыл толуына орай бастауыш сынып арасында сурет салу  байқауы өткізілді.
"Әліппеге мың алғыс атты" тәрбие сағаты
21
декабрь
2023
"Әліппеге мың алғыс атты" тәрбие сағаты
21.12. күні 1"Ж" сыныбында "Әліппеге мың алғыс атты" тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Терезенова Бекзат Ордабековна. Мектеп табалдырығын аттағандарына 4 ай болған бүлдіршіндер алған білімдерін өлең, жыр шумақтарымен көрсетті. Сонымен қатар өнерлі екендерін  ұлдар "Бәйге", қыздар "Гүлдер" биіменде көрсете алды.
Lesson Study: «Деңгейілік тапсырмаларды қолдану   оқушылардың білім деңгейіне қалай әсер етеді?»
14
декабрь
2023
Lesson Study: «Деңгейілік тапсырмаларды қолдану оқушылардың білім
14 желтоқсан күні Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап математика пәні мұғалімідері Г.Мұқанова, Ж.Умирбекова, информатика пәнінің  мұғалімдері  Ж.Дуйсенбинова мен А.Оспанова зерттеуге алынған 6"Ә" мен 6"Б" сыныптарында  І циклға жоспарланған сабақтар топтамасын өткізді. Зерттеу сұрақ «Деңгейілік тапсырмаларды қолдану   оқушылардың білім деңгейіне қалай әсер етеді?»  Бұл сабақтан бүкіл сынып бойынша әр деңгейге  сәйкес келетін оқушыларды түгелімен бақылауға алып , олардың
Іс - тәжірбиемен бөлісу
06
декабрь
2023
Іс - тәжірбиемен бөлісу
"Жасөспірімдер арасында буллинг, кибербуллинг, аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу жұмыстары" тақырыбында облыстық семинарында мектебіміздің педагог-психологі Назыкен Бидікенқызы іс - тәжірбиесімен бөлісіп, Алғыс хатпен марапатталды.
Мектеп асханасы
04
декабрь
2023
Мектеп асханасы
Мектеп асханасындағы оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен тамақтандыруын мектеп әкімшілігі, ата-аналармен бірлесе қадағалап бақылау үшін комиссия құрылған. Тамақтануды айына бір рет бракиражды комиссия қарайды.  Асхана жұмысын мектеп медбикесімен мектептің әлеуметтік педагогі ас мәзірінің дұрыстығын, балалардың кестемен тамақтануын, тамақтың спасы, шикі заттардың сақталуын қадағалайды. Балалардың тамақтануын  қосымша күнделікті ата-аналар тарапынан бақылушы ретінде кесте құрылып жұмыс атқару
Тамақтану бойынша бракеражды комиссия отырысы
04
декабрь
2023
Тамақтану бойынша бракеражды комиссия отырысы
Есжан Берліқожаұлы атындағы #11 орта мектебінде құрылған бракеражды комиссия мүшелері мектеп асханасына кезекті тексеріс жүргізді. Тексеру кезінде асхана тазалығы, дайын тағамның сапасы қаралды. Асхана тазалығы, дайын тағам сапасы үнемі әкімшілік бақылауда екені ескертілді.
Біздің жетістігімізІ
01
декабрь
2023
Біздің жетістігімізІ
Математика пәнінен ”Алтын сақа” олимпиадасының қалалық кезеңінде 5"В" сынып оқушысы Қайсарұлы Айбек І орын иеленді,  жетекшісі Ербулған Анар Жанабекқызы. 5"Д" сынып оқушысы Төлеубек Нурали  ІІІ орын алды,  жетекшісі Кәрғазы Күміс. Жүлделі орын алған оқушыларымыз облыстық кезеңге жолдама алды.