Рухани жаңғыру » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
февраль
2019

Рухани жаңғыру

Мектебіәмізде 1 а қпан күні 10 «Б» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Стыбаева Римма және алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Искаов Ерғали Абдумажитұлының ұйымдастыруымен «Ауғанның отты жалыны» атты ауған соғысының ардагерімен кездесу кеші өтті.
Кездесудің мақсаты - Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың ерліктерін еске алу. Бұл кешке ауған соғысының ардагері Барлыбаев Бауыржан Әбдіманатұлы мен Ерғожанов Ерік Асқарұлы қатысты. Кездесу кешінде ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздік жарияланды.
Кеш барысында ардагер оқушыларға патриоттық сезімнің әрқашан болуын, елімізде ешқашан соғыс болмауын, жастардың Отанды қорғау парызы екендігін есте шығармауын тілге тиек етті. Кеш соңы өнерпаз оқушылардың концертімен аяқталы.
Ардагерлермен кездесу жағымды атмосфера аясында өтті, бұл кездесу өскелең ұрпақ пен аға буын арасын одан әрі жалғастыра түседі деп сенеміз.