Мерекелік іс-шаралар » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
октябрь
2019

Мерекелік іс-шаралар

Бірыңғай «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «Жас Сарбаз» ұйымының негізгі мақсаты - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыру.
Осы мақсатты жүзеге асуыру барысынба билығы 2019-2020 оқу жылында мектебімізде «Жас Сарбаз» ұйымы құрылған болатын. «Жас Сарбаз» ұйымының салтанатты ант қабылдау рәсімі Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өткізіліп, ант қабылдау рәсіміне штаб бастықтары комитетінің төрағасы генерал майор Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласов, Талдықорған қаласының біріктірілген қорғаныс жөніндегі басқарма бастығы полковник Ерен Оқасұлы Мейрембеков, Жас Сарбаз Алматы облысының филиал басшысы Айбол Батырболұлы Қасенов, Алматы облыстық қорғаныс басқармасының тәрбие жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтинант Ерғали Баукенұлы, қалалық басқарма бастығыныңәскерге шақырушыларды тіркеу учаскісінің жетекшісі Бахтур Аликенов, Облыстық басқарма бастығының тәрбие және қоғамдық жұмыстар жөніндегі орынбасары Е.Бекмұратов, подполковник және Жетісу Тарландары патриоттық клуб жетекшілері Д.Дюсембековпен Н.Жүрсинов, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының саптық дайындық жетекшісі аға лейтенант Азамат Қарекенов қатысты.
Жас Сарбаз ұйымының құрылуына өз септігін тигізген мектеп директоры Бейсекенова Гүлбаршын Ахметкәрімқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркінбеков Ерлан Сатайұлы, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Искаков Ерғали Абдумажитұлы, «Жас Сарбаз» ұймының сынып жетекшісі Жексембаева Жазира Мелісқызы, және музыка пәнінің мұғалімі Омирбекова Ақмарал Саятқызына үлкен алғыс білдіреміз.