Мерекелік іс-шаралар » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
ноябрь
2019

Мерекелік іс-шаралар

« Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»

«Еркін ауылы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі» тақырыбында ашық есік күні өтті. Бұл ашық есік күнінің мақсаты ата-анамен мектеп арасындағы, бала мен ұстаздың арасындағы қарым қатынас, балалардың мектеп өміріндегі білім алуымен қоса оларды тәрбиелеу арқылы әр түрлі іс шараларға жұмылдыруы қалай өтуін көру. Ашық есік күнінің жоспары бойынша ата-аналарды тіркеу кезінен ұстаздар жылы лебізбен қарсы алды. Бұл іс шараға 150 ден аса ата-ана жиналды.
Ұстаздарымыз ашық есік күнінде ашық сабақтар, шебер сыныптар, спорттық үйірмелерден жарыстар өткізссе, мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы ата-аналарға мерекелік концерт ұйымдастырды. Ашық есік күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралардан ата-аналар үлкен әсер алып қайтты.