Жаңалықтар » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
июнь
2020

Жаңалықтар

Биылғы түлектеріміздің мектеп бітіру кеші тәуелсіз Қазақстанның тарихынан ойып алар өзіндік орны бар «Еріктілер» жылымен тұспа-тұс келді. Алайда дүниежүзінде орын алып жатқан жағдайға байланысты түлектердің мектеп бітіру кеші санитарлық ережелерге сай өткізіліп, ұстаздарымыз, ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектер, қолдарында медициналық қолғаппен бетперде киеді. Түлектер мен ата – аналар 1,5 метр арақашықтықты сақтады.
Салтанатты іс-шараға Алматы облыстық білім басқармасының тәрбие жұмысы жөніндегі бас маманы Үшкемпірова Айнагүл Мұқановна, Талдықорған қалалық білім бөлімі балалардың құқын қорғау секторының меңгерушісі Тұяқбаев Амир Ануарұлы қатысып мектеп бітіруші түлектерге өз тілектері мен ыстық лебіздерін білдірді. Сынып жетекшілермен ата-аналар түлектерге деген ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін білдірді. Мектебіміздің директоры Бейсекенова Гүлбаршын Ахметкарімқызы түлектерімізге Ұлттық бірыңғай тестін табысты тапсыруларына, жаңа өмірлеріне ақ жол, сәт сапар тілеп түлектерді шығарып салды.
Жалпы орта мектепті бітіруші 11 сыныптың 51 оқушысына жалпы орта білімі туралы аттестат тапсырылды. 49 оқушы жалпы орта білімі туралы жай үлгідегі аттестат алса, 2 оқушы Мұқанова Сабина мен Иманбекова Ақпейіл жалпы орта білімі туралы үздік үлгідегі аттестатқа ие болды.

Похожие публикации:

29 март 2019 Мектеп ұжымы