"Ана - тіршіліктің тірегі. Алып анадан туады" атты қалалық сыныптан тыс тәрбие сағаты » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7282) 21-80-55
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
06
March
2024

"Ана - тіршіліктің тірегі. Алып анадан туады" атты қалалық сыныптан тыс тәрбие сағаты

Мектебімізде "Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат" бағдарламасы бойынша "Ана - тіршіліктің тірегі. Алып анадан туады" атты қалалық сыныптан тыс тәрбие сағаты өткізілді. Аталмыш шарада мектебіміздің өнерлі оқушылары көркем шығармадағы аналар бейнесін, сонымен қатар ерлігімен танылған аналар образын аша білді. Сондай-ақ, оқушылар аналарына мейрам барысында жүрек жарды құттықтау тілектерін, хат жазу арқылы жылы лебіздерін білдірді. “Ана мен бала махаббатын” сахналық көрініс арқылы сомдап, аяғы аналарға арналған үлкен мерекелік концертпен аяқталды.
 Шараның басты мақсаты: Анаға деген мейрімділік пен сүйіспеншілікті арттыра отырып оқушыларды тәрбиелеу.
Осы шараға  қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері Каримова Гүлнар Ақойқызы, Сағатбекова Назипа Қапанқызы, Сейітқұлова Данагүл Рақымқызы, Қожабеков Мұратбек Қабылбекұлы және Шаңғожанова Нұртай Уалиқызы қатысып, өздерінің оң бағаларын беріп, мектеп ұжымы мен оқушыларға алғыстарын білдірді.