Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері туралы! » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
май
2023

Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері туралы!

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасында, оларға қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу және жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ ЕСКЕРТЕДІ:
Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
  • Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында авто көліктер саны өскен сайын жол апаттарыда арта түсуде. Жол көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, ауыл жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Балалардың жол ережесі қауіпсіздігін сақтауын үнемі талап етіңіздер.
  • Сонымен қатар жазғы демалыс кезінде балалардың өмір қауіпсіздігін тілсіз жау - өрттен, суға түсу, рұқсатсыз табиғат аясына шығу т.б жағдаяттардан мұқият болу керек. Жазғы демалыс кезінде балаларыңыз әрине көлге барып суға жүзгілері келеді, бірақ ондай жағдайда ӨЗДЕРІҢІЗ жанында болуларыңыз міндетті.
  • Ата - ана баласына көшеге, дүкендерге барған кезде үнемі мынаны ескертіп отыруы қажет:
  1. Таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспеңіз;
  2. Сені артыңнан бөтен адам қуса көпшілік арасына жүгіріңіз;
  3. Танымайтын адаммен еріп кетуге немес бөгде авто көлікке отыруға болмайды;
  4. Кешкі сағат 22.00 - ден кейін көшеде жүруге болмайды және т.б
Демалыс кезіндегі оқушылардың техника қауіпсіздік ережелері:
  1. Бос қалған, бұзылған үйлерге баруға, жақындауға болмайды;
  2. Жаңадан салынып жатқан ғимараттарының жанынан өтпеуін талап ету;
  3. Электрлік желілердің жанына жоламау;
  4. Далада, үйде, қағамдық жерлерде тәртіп бұзбай өздерін дұрыс ұстаулары керек;
  5. Өрт болған жағдайда, суға, жағажайға, тоғайға жалғыз бармауын талап ету.
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:
- суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз;
- тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз;
- суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар;
- өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз;
- суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз;
- суға шомылуға ата-ананың рұқсатынсыз және қастарыңда үлкен ересек адам болмай баруға болмайды;
-жалпы қазіргі кезде су лас, сондықтан түрлі ауру жұқтырып алу да мүмкіе, сол себепті суға өзен суына шомылмаған дұрыс.
Ойын барысындағы қауіпсіздік:
Жол бойында ойнауға,  велосипед тебуге, доп ойнауға болмайды. Өйткені ойламаған жерден жол көлік оқиғасына себепші болуларыңыз мүмкін. Сондықтан жолдан алыс, аулада, есік алдында ойнаған жөн.
Табиғат аясындағы қауіпсіздік:
Жаз мезгілінде ата-ананың рұқсатынсыз табиғат аясына шығуға болмайды, сонымен бірге қалың шөп арасында, қалың ағаш арасында, қуыс жерлерге жасырынып ойнауға болмайды. Өйткені ондай жерлерде улы жәндіктер шағып алуы мүмкін. Улы жәндіктер көбіне адам көзінен таса, салқын жерлерде көп болады, оларда ыстықтан тығылып жатуы мүмкін.
ҚҰРМЕТТІ  АТА - АНАЛАР!
  Ата-аналар баланың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға кою керек!!!
  Балаларыңыз үнемі қатаң қадағалауыңызда болсын!
 Балаларымыз жазғы демалыстарын жақсы өткізіп,күш жинап , жайдары көңіл күймен жаңа оқу жолына оралуына тілектеспіз!