Электр қауіпсіздігі жөнінде оқушылар үшін жаднама » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
июнь
2023

Электр қауіпсіздігі жөнінде оқушылар үшін жаднама

ОҚУШЫЛАР НАЗАРЫНА!
Электр қауіпсіздігі жөнінде оқушылар үшін жаднама
 Өзінің салдары жағынан электр жарақаты ең қауіпті және басқа жарақаттарға қарағанда өлімге және ауыр жағдайларға әкеледі. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін сабақта, мектеп шеберханасы мен зертханасында, үйде және көшеде электр энергиясын пайдалану қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын біліп, қатаң сақтау қажет.
 Балалардың электр тоғымен зақымдануының себебі – мектеп оқушыларының электр тогының қауіптілігі туралы жеткілікті хабардар болмауы және электр қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтамау.
ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
 ❌️ трансформаторлық қосалқы станциялардың және тарату құрылғыларының есігін ашуға және ішіне кіруге;
 ❌️ электржабдықтары орнатылған жердегі электртарату қалқандарын ашуға және қоршаудың ішін кіруге;
 ❌️ электр беру желілерінің тіректеріне, трансформаторлық пункттерге өрмелеуге;
 ❌️ электр желілері астында ойнауға, әуе жыландарын, ұшақтардың үлгісін және т.б. ұшыруға, ойнау үшін кернеуде қосулы тұрған электрқондырғылары мен жабдықтары орналасқан жақын жерді таңдауға;
 ❌️ өте төмен сабырап тұрған немесе үзілген әуе желілері сымдарына жақындауға, үзілген сымға 8 метрден артық жақындауға;
 ❌️ сымдарға бірдеңе ілуге, электр беру желісінің оқшаулағышын сындыруға;
 ❌️ ағаштар бойындағы сымдарға, үйлер мен ғимараттардың шатырларына, баспалдақтарға 1,5 метрден  артық жақындауға;
 ❌️ электржабдықтарын, жарықтандыру шамдарын және басқа да арнайы электрқұрылғыларын зақымдауға;
 ❌️ кернеуде тұрған тұрмыстық электраспаптарын бөлшектеуге және жөндеуге;
 ❌️ жарықтандыру арматурасына, тұрмыстық электраспаптарына сулы қолды немесе шүберекті тигізуге;
 ❌️ ванна бөлмесінде электрплитканы, электр жылытқыштарын, үтікті, шаш кептіргішті және басқа да  электр аспаптарын пайдалануға, сондай-ақ ваннаны электр желісіне қосулы тұрған кофеқайнатқыш және шәйнектермен сумен толтыруға;
 ❌️ электраспаптарына, табкақшаға (розетка) және құбырларға (суқұбыры, газ, жылыту құбырларына), металл корпусы бар электр құрылғыларына  бір мезгілде жақындауға.
ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕСІН САҚТАҢЫЗ!

Похожие публикации:

24 май 2023 Ақпарат
23 ноябрь 2020 жаңалық