Ақпарат » Страница 5 » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жаңа Қазақстанның тірегі-  Айбынды жастар
29
сентябрь
2023
Жаңа Қазақстанның тірегі- Айбынды жастар
29 қыркүйек күні "Жаңа Қазақстанның тірегі-  Айбынды жастар" атты әскери -патриоттық іс-шара өтті. Жас патриоттар Қазақстан республикасының Құрлық әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери оқу орындарының уәкілдерімен кездесті. Жаңа Қазақстан жастары көптеген  қызықты мәліметтер естіп, өз Отанына адалдық, сүйіспеншілік және әскери моральдық рухты сіңірді десек қателеспейміз. Іс-шара  патриоттық ән кешімен аяқталды.
"Терроризмге қарсы" алгоритммен таныстыру
27
сентябрь
2023
"Терроризмге қарсы" алгоритммен таныстыру
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ҚР Премьер-Министрі Ә.А.Смайыловтың (2023 жылғы 27 сәуірдегі №15/11/Б-272лп) тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 25-27 қыркүйек күн аралығында мектебіміздің ұжымына және оқушыларына «Терроризмге қарсы» (2022 жылдың 30 наурыздағы  №117) Алгоритмдер бойынша түсіндірме, таныстыру жұмысы жүргізілді.
"Терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру" жөніндегі нұсқаулық
25
сентябрь
2023
"Терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру" жөніндегі нұсқаулық
 2023 жылдың 25 -қыркүйегінде  "Терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру" жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгоритмге  (іс-қимылдар мен міндеттерге) сәйкес нұсқамаларды түсіндіру жұмыстары  кіші қызметкерлерге жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында кіші қызметкерлер  нұсқама бойынша түсінбегені бойынша сұрақтарын  қойып, бірнеше  мәселені талқыға салды. 
Мектеп Президентін салтанатты түрде тағайындау кеші
25
сентябрь
2023
Мектеп Президентін салтанатты түрде тағайындау кеші
Бүгін мектебімізде мектеп Президентін салтанатты түрде тағайындалуы өтті. Бұл іс-шараның  мақсаты оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, өзін- өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Оқушының дүниетанымын, жан-жақты ойлау қабілетін, ой өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін-бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.  Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту.
Мектеп Президенті сайлауының нәтижесі
21
сентябрь
2023
Мектеп Президенті сайлауының нәтижесі
Мектептің Президентін сайлау нәтижесі бойынша  45,4% пайызбен  10 "В" сынып оқушысы Темірхан Зере Саятқызы жеңіп шықты.
"Қоғамдық тәртіп негіздері” тақырыбында пікір сайыс
20
сентябрь
2023
"Қоғамдық тәртіп негіздері” тақырыбында пікір сайыс
Мектебімізде  “АДАЛ ҰРПАҚ” ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен   оқушылардың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, шыншыл, адамгершілік, асыл қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында "Қоғамдық тәртіп негіздері” тақырыбында пікір сайысы өтті. Пікір сайыс  барысында  "Адал ұрпақ" ерікті клубының жетекшісі А.Еділбай оқушыларға  адалдық, сенім, парасаттылық, әділдік туралы түсіндірме жұмыстар жүргізді.
Мектеп Президентін сайлау
18
сентябрь
2023
Мектеп Президентін сайлау
Мектеп ұжымы мен оқушыларға хабарландыру!
«World cleanup day» дүние жүзілік тазалық күні
18
сентябрь
2023
«World cleanup day» дүние жүзілік тазалық күні
2023 жылы 16 қыркүйек күні «World cleanup day» дүние жүзілік тазалық күні айдарымен дәстүрлі бүкіл әлемдік экологиялық  акция мектебімізде өткізілді.   Акцияның басты мақсаты қоғам назарын экологиялық мәселелерге аудару, қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосу, адамдардың қоршаған ортаны таза ұстауға деген көзқарасын өзгерту.
Азаматтық қорғаныс жалпы мемлекеттік қорғану іс-шаралары
11
сентябрь
2023
Азаматтық қорғаныс жалпы мемлекеттік қорғану іс-шаралары
Ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні  Азаматтық қорғаныс жалпы мемлекеттік қорғану іс-шаралары өтті.  Мақсаты   әскери емес азаматтық қорғаныс, олардың атқаратын қызметі және жабдықталуы жайлы мектеп оқушылары мен қызметкерлердің сақтық шарасын алдын алуға дағдылау.Іс- шараға 860  оқушы мен қызметкерлер белсенділік танытып түгелдей дабыл кезінде дереу сақтану шарасына белсенді қатысты.
МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН ТАПСЫРУ АЯҚТАЛДЫ
19
июнь
2023
МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН ТАПСЫРУ АЯҚТАЛДЫ
Бүгін жалпы орта білім беру аттестатын алу үшін 11 сынып оқушыларына Мемлекеттік емтихан тапсыру аяқталды. Мектебіміз бойынша 56  оқушы бітірсе, оның 8 білім алушысы үздік оқығаны және үлгілі тәртібі үшін "Алтын белгі" белгісіне үміткер ретінде тіркелген. Ағымдағы жылдың  4 шілде күні мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуді аяқтайды.   Барша түлектердің сынақтардан сүрінбей өтуіне тілектеспіз! Білім бәсекесінде сәттілік серік болсын!