✨️"ӘРБІР БАЛА - ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ" » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
февраль
2024

✨️"ӘРБІР БАЛА - ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ"

💫💫💫 АТА-АНАЛАРДЫ 
                               ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  
                                                      ҚОЛДАУ 💫💫💫

✨️"ӘРБІР БАЛА - ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ"

🏫 Мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының кезекті сабағы бастауыш сынып ата-аналарының қатысуымен өтті.
Бастауыш сынып оқушыларының ата - аналарына өткізілген қолдау сабағында баланың темпераментіне қарай тәрбие беру бағытында әңгіме қозғалды.
✅Мақсаты:
Ата-аналардың темпераментін, мәдени дәстүрлерді және мұғалімдермен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін ескере отырып, өз баласының ерекше қырларын ашуға дайындығын қалыптастыру.
Шара барысында ата-аналарға түрлі ситуациялық сұрақтар қойылып, тапсырмалар берілді. Ата -аналар белсенділік танытып,  әр баланы өз ойын еркін жеткізе білуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу керектігін ұғынып, өз балаларының бойындағы жақсы қасиеттері мен қабілеттерін ортаға салып, ойларымен бөлісті.