«Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
февраль
2023

«Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы»

Апталығымыздың бесінші күні «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» тақырыбымен коучинг өтті. Коучингті мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Жүнісбек, Ғ.Сейсембеков, мектеп психологтары Н.Тойшыбекова, Ж.Алсаева ұйымдастырды. Апталықтың соңғы күні ата-аналарға мектебіміздің өнерлі оқушыларымен таныстырумен басталды. Оқушылар сахнаға шығып, қазақтың асыл қазынасы киелі домбырамен күй ойнап коучингті ашты. Түрлі байқаулардан орын алған оқушыларымыз әдемі әндерін айтты. Ата-аналар арнайы нұсқаулық арқылы «Бақытты отбасы моделін» құрып, ортаға шығып, қорғады. Іс-шарамызға арнайы шақырылған қарттар алқасының мүшелері Тортай ата мен Насиха апамыз жас ата-аналарға өз баталарын берді. Болашаққа жол сілтеп, жастарға сабырлық тіледі. Коучинг соңында GOOGLE FROMS-пен кері байланыс алынды.

Похожие публикации: