Тілдік мектеп-2018 » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
июнь
2018

Тілдік мектеп-2018

Біздің мектепте 18.06 – 30.06.2018 жыл аралығында тілдік жазғы мектеп ұйымдастырылды. Өзге ұлт балаларының қазақ тілінде еркін сөйлеу, бір – бірін ұғыну, сұрақтарға жауап алу дағдыларын ары қарай жетілдіру мен меңгерту мақсатында 1 – 9 сынып аралығында 30 оқушы қамтылды.
Оның мақсаты – оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, бірудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізуді жалғастыру. Сабақ барысында ұйымдастырылған ойын оқушылардың бір-біріне көмекке келуге, бір-бірімен бірігетіндей жағдай туғызды. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарды. Мұңдай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімінің болуы, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасты.
9 –сынып оқушылары «Рухани жаңғыру» тақырып аясында қазақ халқына танымал тұлғалар туралы хабарлама дайындау үстінде.
Сабақ үрдесінде ойын түрлерін қолдану барысында оқушылардың бағдарламалық материалды жүйелі меңгеруіне ат салыса отырып, оқушылардың логикалық, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыта түсу өте тиімді. Оған мысал ретінде 6 сынып оқушысы Роденкова Ангелинаның «Борщты қалай дайындау керек» атты презентациясы.
Таным – адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани байлығының өсуі, тіл үйрету барысында оқушылардың дүниетанымын кеңейту – сол халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, мәдениеті, тарихы, әдебиетін үйреніп, зерттеп-білумен тікелей байланысты. Осы орайда 10 сынып оқушысы Салойдинова Ясмина оқушыларға мәнерлеп оқу сағатын өткізді.
8- 9 сынып оқушылары «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты шығармашылық жұмыс қорғау үстінде.
Сабақ үрдесінде ойын түрлерін қолдану барысында оқушылардың бағдарламалық материалды жүйелі меңгеруіне ат салыса отырып, оқушылардың логикалық, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыта түсу.
Міндеттері:
- оқушылардың ойынға деген қызығушылығын оята білу;
- ойынды қажетті бағытта дұрыс қолдана білу;
- оқушылардың өздеріне деген сенімдігін сезіндіру.
Бастауышта оқушының шығармашылық дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады. Сол себепті бастауыш буынға арналған түрлі ойын түрлерін қолдандық. Мысалы, бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастадық. Себебі: ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдаумен шығармашылық ойлауы тәрбиеленіп, қалыптасып дамиды. Бастауыш сыныпта шығармашылықты тәрбиелеудің бір түрі оқушыны суырыпсалмалыққа үйретуде, «Жаңбыр» ойыны, «Музыкалық әңгіме», т.б. іс-әрекет жасатудың маңызы ерекше. «Жаңбыр» ойыны кезінде мұғалімнің айтқан құбылыстарын оқушылар сол сәтте, әрқайсысы өз беттерінше найзағай ойнады, жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп құйып жауды, жел бәсеңдеді, «Шашылған дыбыстар, «Адасқан әріптер», «Жалғасын тап», «Сандар әлемі», «Бәйге» т.б.
Сабақта ойын түрлерін қолдану оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырды, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретті, іздендірді. Сабақта орынды қолданылатын ойын түрлері оқушының ынтасын арттырып, білім дағдыларын игертіп, іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізді.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады.Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп көрсеткеніндей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын құдіретті күш –білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Л.Барлыбаева

Тілдік мектеп-2018

 

Тілдік мектеп-2018

 

Тілдік мектеп-2018

 

Тілдік мектеп-2018