Жетістіктеріміз » Страница 6 » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"JANA JYL - CUP" турнирі
30
декабрь
2022
"JANA JYL - CUP" турнирі
Жетісу облысының дене шынықтыру  және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен "JANA JYL - CUP" турниріне мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімдері Кәкімбай Шыңғыс, Тұрлыбеков Асхат, Әлтай Әуезхан және оқушылар қатысып, І орынды жеңіп алды. Жеңістерімен құттықтаймыз!
Баскетбол ойыны
15
декабрь
2022
Баскетбол ойыны
Қала мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында "Ұлттық мектеп лигасы" аясында өткен "Алтын доп" баскетбол жарысына  оқушыларымыз қатысып ІІ орынға ие болды. Бапкер  дене шынықтыру мұғалімі Қ.Мәуленбаевты жеңісімен құттықтаймыз!
«Әкем,анам және мен-біз спорттық отбасы» атты сайысы
25
ноябрь
2022
«Әкем,анам және мен-біз спорттық отбасы» атты сайысы
Мектебімізде Балалар жылы және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 31 жыл толуына орай «Әкем,анам және мен-біз спорттық отбасы» атты мектепішілік  сайысы 2- сыныптар арасында өтті. Мақсат және бағытымыз:   Оқушыларды спорт ойынына баулу және ата- анамен байланыса отырып  салауатты өмір қалыптастыру. Нәтижесінде : 2 а сыныбы  "Барыс" командасы  1 орын 2 г  сыныбы "Дружба" командасы 2 орын 2 д сыныбы "Бақытты отбасы" командасы  3 орын 2 Ж сыныбы "Сұңқар" командасы  3 орын жеңіп алды. 
Құттықтаймыз!
02
ноябрь
2022
Құттықтаймыз!
Талдықорған қаласының орта мектеп қызметкерлерінің арасында қалалық жергілікті кәсіподақтың ұйымдастыруымен өткен тоғызқұмалақ ойынында мектебіміз ІІ орынға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Құттықтаймыз!
03
октябрь
2022
Құттықтаймыз!
Мектебіміздің 9"Д" сынып оқушысы Айтжанов Шамиль Жасөспірімдер мен ерлер арасында өткен қоян - қолтық ұрыстың ашық республикалық турнирінде І орынға ие болды! Құттықтаймыз!
Қалалық "Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2022" байқауы
08
апрель
2022
Қалалық "Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2022" байқауы
Қалалық "Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2022" байқауынан мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Әмірханов Жарқын Серікұлы жүлделі 2 орынға ие болды.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Құттықтаймыз!
29
март
2022
Құттықтаймыз!
Талдықорған қаласының орта мектептер арасында қалалық жергілікті кәсіподақ ұйымдастырған айналмалы кубогы үшін өткен спартакиадасы бойынша волейболдан әйелдер командасы IV орын, еркектер командасы ІІ орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!  
Құттықтаймыз!
28
февраль
2022
Құттықтаймыз!
Мектебіміздің өнерлі оқушылары Омирбекова Ақмарал мен Айнабекова Нұржаханның  дайындауымен "Бақытты елдің ұрпағы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалык "Дала Сазы" байқауына қатысты. Оқушыларымыз  байқаудан бірнеше  жүлделі  орындар алды. Жеңімпаздарымыз Халықаралық Түркия елінде өтетін "Deniz Desi" байқауына жолдама алды. Құттықтаймыз!
Құттықтаймыз!
24
февраль
2022
Құттықтаймыз!
Нұрсұлтан қаласында белбеу күресінен  18-20 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті.  Турнирге 10 облыс және екі мемлекет бақ сынасты. Қаламыздың намысын қорғаған мектебіміздің 9а сынып оқушысы Нүкен Мейрамбек ІІІ орын иеленді. Ал 10 сынып оқушысы Қуатұлы Жандос чемпион атанды.
Құттықтаймыз!
14
декабрь
2021
Құттықтаймыз!
14 желтоқсан  күні   "Айбын-2021" VII республикалық әскери жиынында  07.11.2010 жылы құрылған "Жетісу Тарландары" ӘПК   командасы  "Жетісу Тарландары" жарысында 51 команданың ішінен  күміс жүлдегерлері атанды. Жарысқа мектеп оқушылары Хангелді Медет, Иманғали Аруна және Басшыбай Гүлденнің   қосқан үлестері орасан зор. Мектеп директоры Бейсекенова Гүлбаршын Ахметкарімқызын  Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы полковник Т.Даулетханов "Айбын-2021" VII республикалық әскери