Адамның жақсы қасиеттерінің асылы - жомарттық пен, кең пейілдік » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
октябрь
2020

Адамның жақсы қасиеттерінің асылы - жомарттық пен, кең пейілдік

«Өрт – тілсіз жау» деп бекер айтылмаған.  19 қазан күні  кешке аяқастынан өрт шығып «Көктал» шағын ауданы, Таңбалытас көшесі  907 участокта  тұратын  Көбегенова Алмастың  отбасының тұрмыстық заттары, дүние–мүлкі отқа оранды. Үй–жайы тұруға жарамсыз болып қалды. Бұл отбасында 4 бала тәрбиеленеді, 2–уі студент болса, 2–уі  мектеп жасындағы балалар. 
     Жағдайды ести салып көмек қолын созған мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары болды. Қазіргі кезде оларға қаржылай және   киім- кешекпен көмек көрсетілді, әлі де ақшалай көмек қоры жинастырылуда. Ал мектебіміздің мұғалімі А.Абишева өзінің үйінің ауласындағы екі бөлмелі тұрғын–жайын тегін тұруға берді. 
    Көмек көрсетемін деген жанашыр адамдар   болса, мына мекен-жайға Еркін ауылы, Көктал шағын ауданы, Шалқар көшесі 16 үйге  хабарласуларыңызға болады.