«Қауіпсіз Интернет» апталығы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
май
2018

«Қауіпсіз Интернет» апталығы

Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебінде оқушылар арасында ғаламтор ресурстарын дұрыс пайдалану мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Қауіпсіз Интернет» кампаниясы өткізілді.
1-4 сынып оқушылары арасында «Интернет дегеніміз не?», «Балаларға бала жасынан бастап қауіпсіз интернет қажет» атты сынып сағаттары өткізілді, ал 5-11 сыныптар арасында «Қауіпсіз интернет» еліне саяхат» тақырыбында дебат және «Пайдалы және қауіпсіз интернет», «Интернет және біз», «Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары» атты сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар 8-9 сынып оқушылары арасында «Желідегі пайдалы заттар» тақырыбында қабырға газеттер жарысы ұйымдастырылды. Осы сыныптар арасында «Ақпараттық мәдениет» атты кітапханалық сағат өткізілді. 6-7 сыныптар арасында «Интернеттегі қауіпті сайттар» тақырыбында IT маманымен кездесу ұйымдастырылды. «Қауіпсіз Интернет» ақпараттық науқан аясында мектеп психологтері 7 сынып оқушыларына 1-6 сынып оқушылары арасында «Балалар интернетте», балалардың желідегі қауіпсіз- мінез құлық Ережесі», 7-11 сынып оқушылары арасында «Интернет менің өмірімде» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар үй жағдайында интернет-ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді.
Информатика пәні мұғалімдері «Қауіпсіз интернет» тақырыбы бойынша 5-11 сынып оқушыларына тәрбиелік мақсатта бейнесюжеттер көрсетіп, оқушылармен талқыланды.
«Қауіпсіз Интернет» апталығы
«Қауіпсіз Интернет» апталығы
«Қауіпсіз Интернет» апталығы
«Қауіпсіз Интернет» апталығы
«Қауіпсіз Интернет» апталығы
«Қауіпсіз Интернет» апталығы