Мерекелік іс-шаралар » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
февраль
2018

Мерекелік іс-шаралар

«Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп Елбасымыз айтқандай  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» КММ-де қалалық Мұқағали оқулары өтті. Бүгінгі байқауға төрелік еткен  қонақтарымыз: І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің гуманитарлық факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.д., профессор Мұратбек Мүбараханұлы Имангазиев, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі, ақын, республикалық Мұқағали оқулары байқауының жеңімпазы Құралбек Сәбитұлы Сабитов, Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ардақ Мәкенқызы Сеңгірбаева, Талдықорған қаласы білім бөлімінің әдіскері Мария Құрмашқызы Садуақасова, Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп директорының оқу-әдістеме жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алима Қажиқызы Көпбаева болып, үміткерлерге ақ тілектерін білдірді. Сайысқа қаланың 20  мектебінен үміткерлер қатысты. Олар өз өнерлерін ортаға салып, көркемсөз оқу шеберлігі, суырып салма өлең жазу, ақынның көптеген шығармаларын жатқа оқу және ақынның өміріне байланысты сұрақтарға жауап алу. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» оза шыққан оқушылар өз таланттарын көпшіліктің алдында көрсете білді. Осының нәтижесінде Бас жүлдені «Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» КММ-нің  9-сынып оқушысы Иманбетова Ақпейіл жеңіп алды. Иманбетова Ақпейіл облыстық Мұқағали оқуларына жолдама алды.  Сайыстың мақсаты: Мұқағали оқуларын насихаттап, поэзияға деген сүйіспеншілік пен  ана тілге деген құрметке баулу.

 

Мерекелік іс-шаралар

 

Мерекелік іс-шаралар

 

Мерекелік іс-шаралар

 

Мерекелік іс-шаралар

 

Мерекелік іс-шаралар

 

Мерекелік іс-шаралар

 

Похожие публикации:

06 январь 2018 Жаңалық
23 ноябрь 2017 Жаңалық
01 ноябрь 2017 Мектеп тарихы
29 март 2017 контакты