20
январь
2025
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары» жылы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары» жылы деп жариялады.
Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз.
Осыған орай, 20 қаңтар күні Қостанай облысынан «Серпін» жобасын іске асыру мақсатында ауылшаруашылықты, техникалық, кәсіптік мамандарды даярлау оқу орындарының мамандары 9-11 сынып оқушыларымен әңгіме-кеңестер жүргізіп, сұрақтарға жауап берді