«Закладчики. Мать»
03 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының үйлестіруімен және кәсіби операторлардың, жүргізушілердің және сценарий авторларының түсірген «Закладчики. Мать» атты деректі фильмі 9,10-сынып оқушыларына көрсетілді. Фильм нашақорлық проблемаларынан зардап шеккен аналардың оқиғаларын баяндайды. Аталған фильмде зиянды әдеттердің, заңсыз әрекеттердің адам өміріне, отбасы құндылықтарына және ата-ананың жан дүниесіне тигізетін теріс әсері жан-жақты көрсетіледі. Фильм мазмұны арқылы ана