08
май
2019
Мерекелік іс-шаралар
Бүгін мектебіміздің мәжіліс залында «Қасірет шегіп қан кешіп-жеңіске жеткен күн еді» атты Жеңiс күнiне арналған мерекелiк шара өткізілді.
Осынау бір тарихта мәңгі есте қалатын ерекше мерекеге Еркін ауылдық округінен соғысқа қатысқан ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлері келіп мерекелік іс-шараны тамашалады. Еркін ауылдық округі әкімінің орынбасары Рысбаев Қанат Сағымқанұлы Мерекеге жиналған жұртшылықты құттықтап сөз сөйледі. Мектебіміздің директоры Бейсекенова Гүлбаршын Ахметкарімқызы мен ақсақалдар алқасының төрағасы Ізбасқанұлы Тортай ата жүректен шыққан жылы лебіздерін білдірді.
Тәуелсіз еліміз үшін бүгінгі Ұлы Жеңіс күні – ең маңызды да, ең қасиетті мереке. Бұл Жеңіс – жеңімпаз әкелер мен аға буынның ісін алға апаратын жас ұрпақтың мерекесі.
Мерекенің салтанатты бөлімі, мектептің өзін-өзі басқару ұйымының көркемөнерпаздыры майдангерлерге арнап әскери патриоттық, «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Бейбітшілік», «Шығыстың қос жұлдызы», «День Победы» әндерін шырқап, «Наз» бишілер тобы өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті.