25
май
2019
Мерекелік іс-шаралар
«Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта меткебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25 мамыр күні мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырау мерекесі аталып өтілді. Биылғы түлектеріміздің мектеп бітіру кеші Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры бағдарламасымен және тәуелсіз Қазақстанның тарихынан ойып алар өзіндік орны бар «Жастар» жылымен тұспа-тұс келді. Салтанатты іс-шараға Еркін ауылдық округінің әкімі Матаев Қайрат Замантайұлы, облыстық білім басқармасының бас маманы Арсыланов Руслан Алимбатырұлы, Талдықорған қаласы білім бөлімінің қаржы шаруашылық секторының меңгерушісі Мусаханова Индира Оралханқызы, ардагер ұстаздарымық Қазыбаев Әукен Қазыбайұлы, Уалиева Назиха Уалиқызы, Түлеубекова Закира Серкебайқызы, қатысып мектеп бітіруші түлектерге өз тілектері мен ыстық лебіздерін білдірді. Үздік оқушылар, марапатталып құрмет шеңберін айналды.Мектебіміздің алтын белгі үміткері Дюсембинова Амина барлық түлектердің атынан мектеп ұжымына алғыстарын білдіріп сөз кезегін алса, Айтан Динар, Юсупова Дильназ, Бағдатұлы Бағжан, Қуанышқызы Назерке барша түлектер атынан «Бір үйдің балаларындай » әнін орындап мектепке, ұстаздарға деген ыстық ықыласын әсем әнмен жеткізді. Жастар жылы қарсаңында мектеп бітргелі отырған түлектеріміз алтын ұя мектебіне, аяулы ұстаздарына арнап түлектер тілегі атты кітапқа өз ақ тілектерін жазып қалдырып, жастар жылы эмблемасын ұшырды. Сынып жетекшілермен ата-аналар атынан түлектерге деген көптеген тілектер мен ыстық ықыластар айтылды. Ұлттық бірыңғай тестті табысты тапсыруларына, жаңа өмірлеріне ақ жол, сәт сапар тілеп түлектерді шығарып салды.