01
ноябрь
2025
📚 ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫ
🔹28-29 қазан күндері ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ОБЛЫСТЫҚ кезеңі өтті.
🔹Бұл додаға мектебімізден 14 оқушы қатысып, өз білімдерін сарапқа салды.
🔹 НӘТИЖЕСІНДЕ 13 оқушы жүлделі орындарға ие болып, мектебіміздің мерейін үстем етті.
🔹 Енді алда — РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ! Қатысушыларымызға зор табыс пен сәттілік тілейміз! 🌟