24
декабрь
2024
Жетісу облысы әкімінің атынан өткізілген жаңа жылдық шырша
Жетісу облысы әкімінің атынан өткізілген жаңа жылдық шырша
2024 жылдың желтоқсан айының 24 күні Талдықорған қаласы, Жастар спорт кешенінде өтетін облыс әкімінің атынан өткізілген жаңа жылдық шырша мерекесіне орай жалпы 14 оқушы барды. Облыс әкімі тарапынан дарынды әрі әлеуметтік мәртебеге ие отбасыдан шыққан 14 оқушыға, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын – 4 оқушы, қамқорлықтағы – 1 оқушы, көпбалалы – 6 оқушы , аз қамтылған – 3 оқушы тізімге енгізілді.
Облыс әкімінің «Жаңа жыл-2025» мерекесіне орай ұйымдастырылған сыйлықтары әлеуметтік мәртебеден шыққан 14 оқушыға тапсырылды. Әр балаға тәтті қорап және құлаққап таратылды.