"Түнгі қаладағы жасөспірімдер" Рейд » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
январь
2025

"Түнгі қаладағы жасөспірімдер" Рейд

2025 жылғы қаңтар айының 5 күні «Түнгі қаладағы балалар» және балалардың түнде жүрмеуін қадағалау, сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қадағалаусыздық, құқықбұзушылықтың жолын кесу, құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай – ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу мақсатында Талдықорған қаласының аумағында «Жасөспірім» атты рейдтік іс-шаралары ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманы А.Манарбекова, қалалық полицияның кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Т.Кусаинова және директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Қабаев қатысты.
Рейд барысында түнгі уақытта қаламыздың ойын-сауық кешендері және қоғамдық орындар тексеріліп, көшеде және мекемелерде жүрген мектебіміздің оқушылары анықталмады.