23
январь
2025
Әкелер мектебі.
Әкелер кеңесінің мүшесінің қатысуымен 23 қаңтар күні «Оқушыларды тәрбиелеу мәселесі» бойынша мектепішілік 8 сынып оқушыларының әкелерімен және оқушыларымен ұлдар арасында «Зиянды әрекеттерден аулақ болу», «Ұлдар арасындағы қарым – қатынасты нығайту» тақырыптарында жиын өтті. Жиынға әкелер кеңесінің мүшесі Аскарбеков Димаш қатысты. Өзекті мәселелерді шешуде бала тәрбиесінің негізі отбасынан басталатындығы айтылды және мектеп өміріндегі кіші қызметкерлер, ұстаздар еңбегін бағалау жөнінде де сөз қозғалды. Жиын соңында ұлдар арасында туындаған мәселелерді ортақ шешеміз деген мәмілеге келді.



