12
февраль
2025
"Шын жүректен кітап сыйла " кітапханамен жұмыс
14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күні. "Шын жүректен кітап сыйла " челленджі жолдануда. Бұл күнді белгілеп өткізудің мән-мағынасы – адамдар бір-біріне, әсіресе ересектердің балаларға кітап сыйлау арқылы оларды кітап оқу дағдысына баулу және өзара мәдени сипаттағы жылы қарым-қатынасты дамыту болып саналады.
Яғни адамдар бір біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынатын күн. Кітап – адамзат қоғамының ұлы жетістігі, ұлы ұстазы. Кітап сыйлау дәстүрі туралы айтқан кезде мына жағдайды ескеруіміз керек: кітап басып шығару өндірісі жолға қойылу тарихы сегіз ғасырға, ал кітапты қол еңбегімен беттеп-қаттап құрастырып, оны көбейтіп көшіріп оқудың тарихы ондаған ғасырға жеткен.
Осы челлендж оқушылар, мұғалімдер ата-аналар арасында жүргізілуде...