05
март
2025
«Көктем гүлі -2025» мектепішілік қыз сыны байқауы
2025 жылдың 05 наурыз күні 8-10 сынып қыздары арасында «Көктем гүлі -2025» мектепішілік қыз сыны байқауы өтті. Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, ұлттық сана, рухани-құндылықтарымызды дамыту.
Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге келіп жеткен 8-наурыз аналар, қыздар мерекесі. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналарымызды, құрметті ұстаздарымызды, гүлдей құлпырған нәзік жанды қыздарымызды құттықтап, алғыс білдіреміз!
