14
март
2025
14 наурыз – Көрісу күні. Амал мерекесі
14 наурыз – Көрісу күні. Қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі саналатын бұл күн Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының бастауы саналады. Кей жерлерде бұл күнді «Амал» деп те атайды. Мерекеде қыстан аман шыққан жұрт төс қағысып көріскен. Жыл берекелі болсын деп, бір-біріне тілек білдірген. Мектебімізде “Наурыз” мерекесіне орай өткізілетін “Наурызнама” онкүндігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес Көрісу күні аталып өтілді. Осы күні үлкен атамыз бата беріп, мұғалімдер, оқушылар бір-бірімен көрісу амалын жасап, жақсы тілектер айтылды.