16
март
2025
16 наурыз. Мәдениет және ұлттық салт дәстүр күні
Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамын ұйымдастыру және өткізу жөнінде іс-шаралар жоспарына сәйкес 16 наурыз "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр" бесікке салу, тұсаукесер т.б. салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында 1 сынып оқушыларының қатысуымен және сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен тұсаукесер көрінісі қойылды. Мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрдің, ата дәстүрдің ұрпаққа мұра ретінде берілуінің маңызын оқушыларға түсіндіру. Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге адал болуға, оны қастерлеп, үнемі сақтауға және жасампаздықпен дамытуға үйрету.