19 наурыз – Жаңару күніне өткізілген іс-шарасы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
март
2025

19 наурыз – Жаңару күніне өткізілген іс-шарасы

«Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» КММ-сі Наурыз мейрамы қарсаңында «Наурызнама» онкүндігі жоспарына сәйкес 19 наурыз - Жаңару күніне орай мектебіміздің бітіруші түлектері 11 сынып оқушылары және 4 сынып оқушылары жеміс ағаштарын отырғызды.
Оқушыларымыз табиғатты қорғау мен экологияны жақсарту мақсатында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыруда мектеп ауласына ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барасында акцияның мақсаты мен міндетін оқушыларға түсіндіріп, болашақта осы отырғызған ағаштардың жемісін бірге көруге тілек білдірді.
Бұл ағаштар тек біздің қаламыздың көгалдануына үлес қосып қана қоймай, олар уақыт өте келе біздің табиғатымыздың әсемдігін арттыра отырып, жаңа ұрпақтарға да көлеңке сыйлайды. Сонымен қатар, шарамызға «Көктал» шағын ауданының ақсақалдар ұйымының төрағасы Нұрышев Мамай Абаевич, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Көктал» шағын ауданының ардагерлер ұйымының мүшесі Уәлиева Насиха апамыз және «Көктал» шағын ауданының ардагерлер ұйымының мүшесі Сейтқалиев Ермек атамыз қатысып, жас ұрпаққа ақ батасын беріп, ізгі тілектерін айтып, 11 сыныптың үздік оқушысы өзінің жылы лебізін білдірді. Жалпы 10 түп алма ағашы отырғызылып, әсем ән мен тәтті күй шашуы жолдады.