Құқықбұзушылықтың алдын алу. » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2025

Құқықбұзушылықтың алдын алу.

«Құқық бұзушылықтың алдын алуға» бағытталған жоспарға сәйкес 20 наурыз күні ұйымдастырылған «Құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу» тқырыбында 8,9,10 сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Қабаевта іс-шара ұйымдастырды. Шараға қалалық "Салауатты өмір салтын" қолдау орталығының мамандарыда қатысты.
Іс-шарада қазіргі қоғамдағы орын алып жатқан жағдайларға байланысты келесідегідей мәселелерге тоқталып өтті:
1. Құқық бұзушылықтың алдын алу, бопсалау, әлімжеттілік (түнгі уақытта жүру 23:00-ден кейін, 22:00-ден кейін ойын сауық мекемелерінде).
2. Есірткі заттарының таралу, шылым шегу, электронды темекі.
3. Жол жүру ережелерін сақтау, мектеп мүлкін дұрыс қолдану, сақтау.
4. КР КК-нін 147 бабы яғни Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу.
5."Көктемгі демалыс" күндеріне арналған қауіпсіздік шаралары, сонымен қатар, РЕЙД туралы.
6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 127-бап. Яғни кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді ата-аналардың орындамауы туралы, салынатын айыппұл мөлшерлерімен білім алушылар таныстырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қамтылған білім алушылар саны 93.