07
апрель
2025
7 СӘУІР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Бұл күн адамдардың өз өмірлерінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, бүкіл әлемде адамдар денсаулығын жақсарта түсу мақсатында тиісті шешім қабылдаулары үшін өткізіледі. Бүгінгі таңда денсаулық сақтауға ерекше көңіл бөлінеді, өйткені жарқын болашақтың кепілі – дені сау ұлт. Осыған орай, бүгін мектебімізде, орта сыныптар арасында кермеге тартылу, ұзындыққа секіру, арқада жатып кеуде көтеру командалық жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын- 6 "Д" сынып командасы
ІІ орын-5 "Д" сынып командасы
ІІІ орын - 5"Ж" сынып командасы
Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
