”2025 жылы - Жұмысшы мамандықтар жылы!” » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
апрель
2025

”2025 жылы - Жұмысшы мамандықтар жылы!”

”2025 жылы - Жұмысшы мамандықтар жылы!” 11 сәуір күні “Талдықорған заң коледжі” 9 сынып оқушыларына "Әдеп құқық жөніндегі менторлық жоба" аясында экскурсия ұйымдастырылды. МАҚСАТЫ: Оқушыларды құқық саласымен және заңгер мамандығымен таныстыру, кәсіби бағдар беру, құқықтық сауаттылықты арттыру. Экскурсия барысында оқушылар Талдықорған Заң колледжінің оқу ғимаратымен, материалдық- техникалық базасымен танысты. Колледж оқытушылары мен студенттері оқу үдерісі, мамандықтар туралы толық ақпарат беріп, оқу орнына түсу шарттарын түсіндірді. Экскурсияның ең қызықты бөлігі — колледж студенттері мен оқытушылары дайындаған "Сот процесінің көрінісі" болды. Бұл іс-шарада нақты бір қылмыстық іс бойынша сот отырысы сахналанды. Оқушылар судья, айыптаушы, қорғаушы, куәгерлер және айыпталушы рөлдеріндегі студенттердің кәсіби әрекеттерін тамашалады.
 Экскурсия өте әсерлі әрі мазмұнды өтті. Оқушылар тек теориялық емес, практикалық түрде де заңгерлік мамандықпен жақынырақ танысты. Сот процесін көру арқылы олар құқықтық нормалардың нақты өмірде қалай қолданылатынын көріп, болашақ мамандық таңдауына қатысты тереңірек ой түйді.