Мектеп формасы талаптарының бұзылуының алдын алу жұмыстарды ұйымдастыру және әрекет ету » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
август
2025

Мектеп формасы талаптарының бұзылуының алдын алу жұмыстарды ұйымдастыру және әрекет ету

Жаңа оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау мақсатында білім беру ұйымдарының басшысы Еркинбеков Ерлан Сатаевич оқу жылының басталуына дейінгі ұйымдастыру шараларының басты мәселелерінің бірі мектеп формасының сақталуы туралы мектеп ұжымын таныстырып айтты.(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым   министрлігінің  2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023  № 250 бұйрығын орындау мақсатында)
Әр бөлім бойынша ұстаздар қауымына айтып, ата-аналарға жиналыстарда қаралу керектігін жеткізді.
   Сондай-ақ, төмендегідей атқарылып жатқан шараларға тоқтала кетті:
1.1. Мектеп формасы талаптарын бұзатын және елемейтін кәмелетке толмағандар туралы ақпарат жинақталған, ақпарат нәтижесі бойынша мектептегі киім үлгісін сақтамайтын оқушылар анықталмады.
1.2. Ағымдағы жылдың 9 тамызына дейін білім беру ұйымдарының басшылары мектеп формасына қойылатын нақты талаптарға қатысты мектеп жарғысына өзгерістер енгізілді. Бұл жағдайда ауру немесе жарақат сияқты объективті себептерді ескеру қажет. Мұндай балаларға медициналық мекеменің анықтамасы және емдеуші дәрігердің ұсынысы болған жағдайда мектепке бас киіммен баруға рұқсат етіледі.
1.3. Мектеп формасы туралы ақпаратты мектептің ресми сайтында және басқа ақпараттық ресурстарда жарияланды.
1.4. Ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген баланы мектепке қабылдау кезіндегі мектеп формасына және мінез-құлық стандарттарына қойылатын белгіленген талаптар туралы баланың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне хабарлау, ата-анасынан немесе заңды өкілінен жоғарыда аталған талаптармен танысқандығы (түсіндіру) туралы қолхат алу. (Болған жағдайда)
1.5. Ағымдағы жылдың 12 тамыз күні мектеп формасының талаптарын сақтамау бойынша мектепте профилактикасы жөніндегі Кеңесі құрылды.