18
август
2025
МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ, АЛҒАШҚЫ БЕЙІМДЕУ.
Негізгі мақсат: 1 сынып оқушыларын мектепке психологиялық, әлеуметтік, физиологиялық тұрғысынан қалыптастыру. Балалар балабақшадан немесе үйден жаңа ортаға түсіп, жаңа ережелер мен талаптарға үйренеді. Бұл үдеріс сәтті өту үшін мұғалімдер мен ата-аналар бірігіп жұмыс істеуі керек. Осы мақсатта мектепте оқушылармен дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде.

