«МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
октябрь
2025

«МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ»

«МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ»

📌 Бүгін мектебімізге «Құралай» балабақшасының даярлық тобы «Балабақша түлектері мектепте» мектеп өмірімен танысуға саяхаттап келді. 
Мақсаты: Балабақша мен мектеп педагогтары арасында іскерлік ынтымақтастық орнату,  балаларды мектептегі оқуға бейімделуге дайындау.
 Балабақша балаларын мектептің асханасымен және  спорт залмен таныстырып,  Есжан Берліқожаұлы жайлы ақпараттар берілді. 

📚 Балаларды  мектептің кітапханасының жұмыстарымен  толық таныстыру жүргізілді. 
Кiтапхана-кітаптар әлеміне апаратын қызыққа толы жол болса, сол жолмен жүруге әр оқушыныңда ынтасы ауады.  «Балалар кітапханасы» бағыты бойынша мектеп кітапханасына Мектеп кітапханашысы А.Нарынбаева балаларды  кітапхана туралы толық мағлұматтар берді.  Сондай-ақ іс-шара барысында бүлдіршіндердің назарына ертегі кітаптар, қазақ, орыс, шетел шығармалары, балаларға арналған энциклопедиялар,тағы да басқа көркем суреттелген иллюстрациялы кітаптар ұсынылды. 

📚Кiшкентай оқырмандарымыз қызығушылық танытып, кітап туралы өз ойларын және Абай, Мағжан аталарымыздың өлеңдерін жаттап  айтып бердi.

📚Шара соңында кітапханашы оқушыларды кітап сүюге, кітаппен дос болуға шақырды.