07
июнь
2018
Мектеп жанындағы «Күншуақты жаз» атты сауықтыру лагері
Еркін ауылындағы Е. Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің жазғы мектеп жанындағы «Күншуақты жаз» атты сауықтыру лагері ашылды. Негізгі назар көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан оқушыларға бөлініп отыр.
«Күншуақ» сауықтыру лагерінде 2 кезең бойынша 120 бала тынығуда. Оның ішінде аз қамтылған отбасылардан 30 оқушы жалпы мемлекеттік қордан бөлінген қаражат арқылы демалуда. Лагер барысында балалардың эстетикалық тәрбие алуына мүмкіндік зор. Елбасы мақаласы жолындағы экологиялық міндетті де іске асырудың қолайлы жағдайы бар. Арнайы ұйымдастырылған қолөнер, роботехника сынды үйірмелер жұмыс істейді. Сонымен қатар, ағылшын тілі, дене шынықтыру сабақтары жүргізіліп, балалардың білім көкжиегін кеңейтіп, шығармашылықты шыңдауға да мүмкіндік мол.
Сондай-ақ, оқушылар «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған іс-шараларды тамашалауға «Балалар мерекесі» атты көңілді кеш өткізіліп, «Математикалық ойын», «Кім жылдам» атты ойындар мен түрлі массалық би билеп, ән салды. Балалардың лагердегі демалысының қызықты өткізу үшін табиғат аясында демалыс ұйымдастырылып, қызығушылықтарын арттыра түсті. Және де т әрбиешілер «Қыз сыны» байқауы және «Жігіт сұлтаны», «Көркемсөз оқу шеберлері» «Асфальтте сурет салу», «Шебер қолдар сайысы» өткізді. Ойын-сауық кешен мен кинотеатрға, далалық серуендерге мектеп бұйрығы бойынша барды.
Балалардың өмір қауіпсізідігі мен денсаулығына тәрбиешілер жауапты болды. «Күншуақ» жазғы сауықтандыру лагері өз жұмысын қызықты жалғастыруда.
Лагерьдің әр күнін қызықты өткізу біздің – мақсатымыз.