«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» 1-4 сынып ата-аналары
2025–2026 оқу жылында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысы аясында отбасылармен терең әрі нысаналы жұмысты жандандыру. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының талаптарына сай, тәрбие процесінің негізгі қатысушысы ретінде отбасыға жүйелі қолдау көрсету, сондай-ақ құрметке, саналы әрекетке және ынтымақтастыққа негізделген позитивті ата-ана мәдениетін дамыту қажеттігіне баса назар аударуға неізделген.
Қазан айының 22 күні 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарымен "Бала табысының кілті – ата-ананың қолдауында» тақырыбында жиналысы өтті.
Мақсаты:
- Бала табысына ата-ананың ықпалын түсіндіру;
- Ата-аналармен ынтымақтастық орнату;
- Баланың дамуына қолдау көрсету жолдарын талқылау.
Жиналыс барысында ата-аналар шығармашылық қабілеттерін ортаға салып, баланың қабілеттеріне бағыттаудағы ролдері айқындалды. Бала табысына әсер ететін факторлары құрылды. Сонымен қатар, қолдауда әсер ететін сенімді психологиялық кеңестер берілді.
Жиналыс соңында жағымды кері байланыстар беріліп, жақсы тілектер айтылды.
