«ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА МЕН АТА-АНА АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС» ата-аналар жиналысы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ноябрь
2025

«ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА МЕН АТА-АНА АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС» ата-аналар жиналысы

12 қараша күні «ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА МЕН АТА-АНА АРАСЫНДАҒЫҚАРЫМ-ҚАТЫНАС» тақырыбында тәрбие орынбасарлары Ж. Алсаева,  Б.Кабаев мектеп психологы Ж.Түктібаева және мектеп менторы Е.Қасымбеков  9-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізді. 


МАҚСАТЫ: Ата-аналарға отбасындағы дұрыс қарым-қатынастың бала тұлғасының қалыптасуына әсерін түсіндіру, бір-бірін өзара сыйластық, қолдау көрстеу.


 Міндеттері:

  • Отбасындағы қарым-қатынастың түрлерін талдау.
  • Дұрыс және бұрыс ата-ана мінез-құлқын салыстыру.
  • Балаға эмоционалды қолдау көрсетудің жолдарын көрсету.
  • Ата-аналар арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

Өткізу форматы:Ашық әңгіме, топтық жұмыс, психологиялық жаттығу элементтері.

Қатысқан ата-ана саны: 45 


Кіріспе бөлім. «Бала – отбасының айнасы» бала тәрбиесінде отбасылық ахуалдың ролі мен маңыздылығы туралы бейне ролик көрсетілді.

Негізгі бөлім. Отбасылық қарым-қатынасты жақсартудың формалары мен ұсынымдарын ортақ пікір алмасу, топтық талқылау  жүргізілді. 

Қорытынды бөлім. Ата-аналар жиналысын «Шешім кілті»   айдарымен аяқтады. Ақ параққа   ата-анамен бала арасындағы кездесетін қиыншылықтар жазу. Ата-аналар осы тұрғыда өз пікірлерімен бөлісіп, біршама сұрақтарының жауаптарын алды. Қызу талқылау, маңызды сұраққа-жауап, ұтымды жиналыс өтті.