«Қыздар арасындағы салауатты өмір салты мәдениеті» Талдықорған қалалық №2 емхана мамандарымен кездесу » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
ноябрь
2025

«Қыздар арасындағы салауатты өмір салты мәдениеті» Талдықорған қалалық №2 емхана мамандарымен кездесу



14 қараша күні «Қыздар арасындағы салауатты өмір салты мәдениеті» тақырыбында Талдықорған қалалық емхана акушер-гинеколог  маманы С.Бекбергенова мен психолог С.Исламжановамен 9,10,11 сыныптың қыздары арасында  кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 78 қыз қатысты.

Кедесу барысында төмендегі тақырыптар талқыланды: 

  • Дұрыс тамақтану мәдениеті: қыздардың өсуі мен дамуына қажетті барлық қоректік заттармен қамтамасыз ету маңызды. Дұрыс тамақтану:
  • Белсенді өмір салты: қозғалыс – салауатты өмірдің бөлігі. Қыздар арасында спорттық белсенділікті арттыру:
  • Психологиялық денсаулық мәдениеті: эмоцияларды дұрыс басқаруды, өзін-өзі бағалауды нығайтуды, стресс пен шаршауды жеңу әдістерін үйрету маңызды
  •  Гигиена және өзін-өзі күту мәдениеті: тері мен шаш күтімі, репродуктивті денсаулық, ұйқы тәртібі.
  • Зиянды әдеттердің алдын алу: алкоголь, темекі, электронды сигареттер, энергетикалық сусындар сияқты зиянды факторлардан аулақ болу – денсаулық мәдениетінің ажырамас бөлігі.
  • Информациялық сауаттылық: денсаулыққа қатысты ақпаратты дұрыс таңдай білу – қазіргі қыздардың маңызды құзыреттілігі. Ғаламтордағы жалған ақпаратқа сенбеу, мамандарға жүгіну, ғылыми дереккөздерді пайдалану мәдениеті қалыптастырылуы тиіс.

Кедесу соңында қыздар өзекті сұрақтарына жауап алып, ұсынымдар таратылды.