Жолдау жаңа саяси шешімдерге жол ашады
Біз «Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа жолдауын толық тыңдадық.
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланған бүгінгі бастамалары еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын оң жаққа қарай өзгертеді деп санаймыз. Кез келген мәселені қоғамда ашық айтып, оны шешудің оңтайлы жолдарын бірге іздейтін болатындығымыз қуантады. Президент Жолдауында айтылғандай, елімізде партияларды тіркеу үдерісі айтарлықтай жеңілдейді. Бұл ретте партиялар үшін қарастырылған тіркеу шегін төрт есе – 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендету керегі айтылды. Облыс және қала әкімдерін тағайындау ережесі өзгеріп, аймақ басшысын тағайындау кезінде жанама сайлау өткізу бұл да дұрыс шешім. Азаматтық ұстанымы бекем, белсенді әрбір қазақстандық азамат парламенттік сайлауға түсіп, еліміздің өркендеуіне үлес қоса алады. Бүгінгі әкімшілік- аумақтық құрылымындағы өзгерістер де, тарихымызды қайта жаңғыртқандай болды. Атап айтар болсақ, Алматы облысын екіге бөлу ұсынысы, яғни Алматы облысы орталығы- Қапшағай қаласы, Жетісу облысының орталығы- Талдықорған қаласы болатынын, Абай, Шәкәрім, Мұхтардың елі қайта түлеп Абай облысы орталығы Семей қаласы болатыны, ұлы хандардың, ұлы билердің, Кетбұға, Асанқайғы сияқты күйші-абыздардың, даңқты баһадүрлердің басын қосқан, мекені болған киелі Ұлытаудың қайта оралып, Жезқазған орталығы болатыны бізді тағы қуантты. Президентіміздің бүгінгі Жолдауын толық қолдай отыра, жаңару мен жаңғыру жолындағы атқарылатын істі толықтай қолдап, өзгерісті өзімізден бастайтын боламыз.
Ұжым атынан пікір білдіруші тарих пәні мұғалімі Кенжебаева Айнұр Мухамеджанқызы