07
октябрь
2023
Еркін ауылына 90 жыл
Еркін ауылының 90 жылдығына байланысты ауылымызда үлкен керемет іс-шаралар ұйымдастырылды. Біздің мектептің мұғалімдері де көптеген іс-шараларды ұйымдастырып, белсене ат салысты.«Бақ қайда барасың десе, бірлігі мен ынтымағы бар елге барамын» деген екен. Қазақы қаймағы бұзылмаған, дәстүрдің озығы мен тозығын теңдей дәріптейтін Еркін ауылының бірлігі басқаларға үлгі етуге әбден лайық. Тентегін тезге салатын ақсақалы бар, келінін келісті етер кейуанасы бар қазыналы елдің бір байлығы болса ол – балталаса да бұзылмайтын бірлігі. Ауыл – біздің алтын бесігіміз! Ауыл – ол алтын тамыр! Әрбір мен қазақпын деген азамат алтын тамырымыздан қол үзбеген абзал. Себебі ауыл тарихы ол ел тарихы! 






