01
октябрь
2025
НЕКЕГЕ ТҰРУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ
12 қыркүйек күні мектеп психологтары Тойшибекова Н.Б, Алтынбекова Г.Ө. жас мамандармен «Некеге тұруға психологиялық дайындық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жас мамандарға некеге тұруға дейінгі психологиялық дайындықтың маңыздылығы, отбасы құрудағы жауапкершілік, серіктеспен қарым-қатынастағы сенім мен қолдаудың рөлі туралы түсіндірілді. Жас мамандар өз ойларын ортаға салып, болашақ отбасы өміріндегі қиындықтарға дайын болу жолдарын талқылады. Мектеп психологі Тойшибекова Н.Б. өмірлік серіктес таңдаудағы басты критерийлер, өзара құрмет пен үйлесімділік жайында «Үйдегі жауапкершілік картасы», «Сенімділік көпірі» сияқты психологиялық жаттығуларды қолданды. Дөңгелек үстел жас мамандар үшін маңызды әрі танымдық сипатта өтті. Қатысушыларға отбасылық өмірге дайындық бойынша пайдалы кеңестер беріліп, қажетті психологиялық қолдау ұсынылды