16
апрель
2026
“ Меtа - ғалам және ұлттық құндылықтар” жобасы С. Керімбай. "Бейсен және болмыс"
“ Меtа - ғалам және ұлттық құндылықтар” жобасы аясында оқырмандар конференциясы өтті. Жас оқырмандар Санжар Керімбайдың “Бейсен және болмыс” шығармасын оқып, талдап , дүниетанымдарын кеңейтіп , кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін арттырды деген ойдамыз. Конференция қонақтары Бейсен Құранбек ағамыздың жары Зербай Гүлмира Қадырқызы, Бейсен ағамыздың “Жетісу” телеканалынан келген журналист шәкірттерімен кездесу барысында оқушыларымыздың әдебиетке, ұлттық мұраға деген рухани жан дүниелері жайындағы сұрақтарына алған жауаптары болашақтарына үлкен ұмтылыс пен шабыт болары сөзсіз екеніне бағытталған ауқымды іс шара болды. Конференция соңында мектеп директоры Мамбеталиева Айгерим Рашидовна келген қонақтарға алғысын білдіріп, естелік сыйлық тарту етті.


