05
октябрь
2021
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің ролі" атты пікірталас
05 қазан күні мектебімізде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің ролі" атты пікірталас өтті. Пікірталасқа 8-сынып оқушылары қатысты. Тарихқа көз жүгірте отырып, арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін жетістіктерімізді ой елегінен өткіздік. «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырып, оқушылар ой бөлісті.
