«Әліппе» - «Бар кітаптың атасы» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
декабрь
2022

«Әліппе» - «Бар кітаптың атасы»

Әлемдегі кез келген ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің бас­ты белгісі – ғылым, білімінің даму дәрежесі. Халқымызбен ғасырлар бойы бірге жасасып келе жатқан «білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген қанатты сөз осының айқын дәлеліндей. Әуелі ұлт білімді болуы тиіс. Сосын: «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез», деп данышпан Абай айтқандай, білімдінің сөзі талапты ұрпаққа жетуі керек. Сонда ұлт та, ұрпақ та ғаламдық ақыл-ой бәсекесінің алдына шығатын болады. Білім негізі мектепте қаланады, ал мектеп табалдырығын аттаған жас шәкірттің қолға ұстайтын алғашқы кітабы – «Әліппе». Ендеше «Әліппе» «бар кітаптың атасы» деуге әбден лайық. Бүгін мектебімізде сол Әліппені аяқтап, "бар кітап атасына"  алғыс  айту  ертеңгілік  кеші өтті. Оқушылар әріп танытқаны  үшін, түрлі әндерін айтып, би билеп, рахметін айтты. Әліппені сәтті оқып аяқтағаны үшін, марапатталды.

Похожие публикации:

28 февраль 2020 Алғыс айту
28 февраль 2020 Абай өлеңдері
30 октябрь 2019 Мектеп ұжымы
25 февраль 2019 Рухани жаңғыру