06
март
2023
"Қыз сыны-2023" бастауыш сынып оқушылары арасында конкурс
"Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын,"- дегендей, қыз балаларға адамгершілік, әсемдік, әдемілік, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту мақсатында "Қыз сыны-2023" бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Байқауға 3,4- сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерімен бөлісті.


