Іс-шаралар » Страница 6 » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
⚜️23 наурыз - ТАЗАРУ күні⚜️
24
март
2024
⚜️23 наурыз - ТАЗАРУ күні⚜️
☘️ Наурызнаманың қорытынды күні, жаңа жылды тұтас ел болып, жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде етіп жарияланды. ☘️ Бұл күні мектебімізде  экологиялық акция өтті.
“ҚОШ КЕЛДІҢ ӘЗ-НАУРЫЗ!” 🌼🌸🌺🌼🌸🌺🌼🌸🌺🌼🌸🌺🌼🌸
23
март
2024
“ҚОШ КЕЛДІҢ ӘЗ-НАУРЫЗ!” 🌼🌸🌺🌼🌸🌺🌼🌸🌺🌼🌸🌺🌼🌸
Дәстүрімізге айналған  Ұлыстың Ұлы күні  - Наурыз мерекесі Көктал ауылымызда  "Қош келдің Әз-Наурыз!"  тақырыбында  атап өтілді.   ✨Қазағымыздың салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын жастар бойына дәріптеу мақсатында өткізілген  мереке қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлының   құттықтау сөзімен, аталарымыздың  ақ жарма ниет тілектерімен бастау алды.    ✨Қазақтың ұлттық ойындары  ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға  сыйлықтар үлестірілді. Оқушыларымыз ән мен жырдан шашу шашты. 
⚜️ "НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ" ТӘРБИЕ САҒАТЫ ⚜️
22
март
2024
⚜️ "НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ" ТӘРБИЕ САҒАТЫ ⚜️
🌷 3"Е" сынып жетекшісі Раиса Ғазизқызының  ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай "Наурыз - жыл басы" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеу мақсатында ұлттық ойындар ойнатылды. 🌷 Мақсаты: Оқушылардың ұлттық мереке-жыл басы Наурызды халқымыз қалай қарсы алғандығын үйретіп, насихаттау.
⚜️ҰЛТТЫҚ ОЙЫН - ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МҰРАСЫ⚜️
21
март
2024
⚜️ҰЛТТЫҚ ОЙЫН - ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МҰРАСЫ⚜️
🔰 Мектебімізде дене шынықтыру пәні бірлестігінің бастауымен 2019 – 2025 жылдарға арналған 5 кезеңнен тұратын «Ұлттық ойын – ұлтымыздың мұрасы» жобасы жоспарланған болатын. Бұл жоба бойынша 3 кезеңнің  жұмыстары өз уақытында жүзеге асырылды. 2023 – 2024 оқу жылында  4 - кезең, яғни, «Жаяу көкпар»  ұлттық ойыны насихатталуда. Жас ұрпаққа ойын ережелерін үйретіп, ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында 20 наурызда мектепішілік 7 – сыныптар арасында «Жаяу көкпар» ойынынан жарыс ұйымдастырылды.
⚜️♦️⚜️19  НАУРЫЗ - ЖАҢАРУ  КҮНІ
19
март
2024
⚜️♦️⚜️19 НАУРЫЗ - ЖАҢАРУ КҮНІ
⚜️♦️⚜️19  НАУРЫЗ - ЖАҢАРУ  КҮНІ ⚜️Бұл күні сөзбе-сөз мағынада да, қоғамдық-саяси тұрғыда да “Өмірдің жаңаруын” бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылады.  ⚜️”Жаңару” күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға, туған жердің табиғатын көркейтуге өз үлесін қосуға үндейді.
⚜️"ҰЛТТЫҚ КИІМ - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ"⚜️
18
март
2024
⚜️"ҰЛТТЫҚ КИІМ - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ"⚜️
⚜️"ҰЛТТЫҚ КИІМ - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ"⚜️ Қазақ халқы өз ұлттық құндылықтарымен өзге ұлттардан өзгешеленіп тұрады. Баға жетпес осындай құндылығы бар біздің ел бақытты деп ойлаймын. Өзінің құндылықтары арқылы ұлттық болмысын сақтап осы күнге жетіп отыр. Ертеңгі ұрпақ ұлтжанды, отаншыл, патриот болып өссін десек, осы бастан ата – дәстүрімізді ардақтауды үйретіп, ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ бойына сіңіре білуіміз қажет. 
«Директор сағаты» жобасы
15
март
2024
«Директор сағаты» жобасы
2024 жылдың наурыз айының  15 күні  мектеп директоры Еркинбеков Ерлан Сатаевич ата-аналар мен білім алушылардың үнін тыңдау, яғни мәселені бірлесіп шешу жолдарын қарастыру мақсатында «Директор сағаты» жобасы аясында ата-аналар, білім алушылармен жеке қабылдау өткізді.
⚜️КӨРІСУ КҮНІ – АМАЛ МЕРЕКЕСІ⚜️
14
март
2024
⚜️КӨРІСУ КҮНІ – АМАЛ МЕРЕКЕСІ⚜️
⚜️КӨРІСУ КҮНІ – АМАЛ МЕРЕКЕСІ⚜️    ⚜️Бүгін 14 наурыз – Көрісу күні.      ⚜️Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды.     ⚜️Бұл мереке — күн мен түннің теңелген тұсында, қыстың бейнеті мен қиындығынан аман-есен шығып, халықтың Наурыз мерекесі алдында мәре-сәре болатын күн. Үлкен кіші бір-біріне, сәлем беріп, көрісіп, "жас құтты болсын" деп амандасып, кәде-сыйларын тапсырады.     ⚜️Адамдар арасындағы бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, жақын адамдар бір-біріне амандық-саулық тілейді.  
"Ана - тіршіліктің тірегі. Алып анадан туады" атты қалалық сыныптан тыс тәрбие сағаты
06
март
2024
"Ана - тіршіліктің тірегі. Алып анадан туады" атты қалалық сыныптан
Мектебімізде "Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат" бағдарламасы бойынша "Ана - тіршіліктің тірегі. Алып анадан туады" атты қалалық сыныптан тыс тәрбие сағаты өткізілді. Аталмыш шарада мектебіміздің өнерлі оқушылары көркем шығармадағы аналар бейнесін, сонымен қатар ерлігімен танылған аналар образын аша білді. Сондай-ақ, оқушылар аналарына мейрам барысында жүрек жарды құттықтау тілектерін, хат жазу арқылы жылы лебіздерін білдірді. “Ана мен бала махаббатын” сахналық көрініс арқылы сомдап, аяғы
🌹🌹🌹КӨКТЕМ АРУЫ -2024🌹🌹🌹
05
март
2024
🌹🌹🌹КӨКТЕМ АРУЫ -2024🌹🌹🌹
   Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе жердің көркі демекші  2"Б" сынып жетекшісі Назгүл Күлбатырқызының ұйымдастырумен  қыздар арасында байқау өткізді. Сынып жетекшісі дайындаған шарттарына аналарымен бірге дайындалған аруларымыз, өздерінің өнерлі, жан-жақты екенін дәлелдеді. Сұлу қыздар сән үлгісін көрсету кезеңінде көрермендерді таң қалдырды. Жүлделі