«Нашақорлыққа қарсымыз»
Бүгін 2024 жылдың қыркүйек айының 10-ы күні нашақорлық, құқық бұзушылықтың алдын алу, мақсатында 10 сынып оқушылары арасында жиналыс ұйымдастырылды. Жиналысқа Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның аға учаскелік инспекторы полиция майоры Асель Сламбайқызы Еркенбекова әлеуметтік желідегі болатын оқиғалар, оларды жариялау сонымен қатар, түнгі уақытта сағат 22.00 ден кейін көшеде жүрмеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жетісу облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Искакова Меруерт Сеитовна және Облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері Ергабылов Максат Бейбитович «Нашақорлыққа қарсымыз» атты тақырыбында есірткі заттарынан аулақ болу, олардың денсаулыққа тигізетін кері әсері туралы қысқаша баяндама жасап, видео ролик ұсынды.
